Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam жарысында қола жүлде алды

Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam жарысында қола жүлде алды

Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam жарысында қола жүлде алды
ашық дереккөзі

Жудодан Грузияның астанасы Тбилиси қаласында басталған Grand Slam жарысында 48 кг салмақта Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы спорт журналисі Анық Көкенайұлы әлеуметтік парақшасында жазды.

Қазақстандық дзюдошы осы жарыстан 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте екінші орынға шығатын болады. Қазір олимпиада рейтингісінде бірінші орында тұр.
Әбиба Тбилиси татамиінде жарысты екінші кезеңнен бастады. Алдымен Украина қызы Марья Буйокты екі ваза аримен жеңді. Ширек финалда израйль қызы Малка Тамарды иппонмен жығып жартылай финалға өткенмен жартылай финалда Сербиялық Милица Николичке есе жіберді. Николичті соңғы рет белдескенде ұтқан болатын. Николич бүгін есесін қайтарып кетті.
Қола медаль үшін белдесуде Лаура Мартинезді жеңіп кезекті Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды, - деп жазды А. Көкенайұлы.