Жаңалықтар

«AMANAT» БҚО-да 9 су арнасы мен 7 су қоймасын қайта жөндеуді көздейді

ашық дереккөзі

«AMANAT» БҚО-да 9 су арнасы мен 7 су қоймасын қайта жөндеуді көздейді

«AMANAT» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі жұмысы жалғасып жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Партия зардап шеккен аудандарға 70 млн теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарын жеткізуді көздеп отыр. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі жеке талқыланды. Мәжіліс депутаттығына кандидат Ербол Салықовтың айтуынша, «AMANAT» филиалдары өтемақының әділ әрі уақтылы төленуі мәселесін бақылауға алады. Аманаттықтар тұрғындарға «AMANAT» партиясының Ақтөбе облысы бойынша өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында алдағы 5 жылда 8 бөгетке күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді. 2028 жылға дейін Батыс Қазақстан облысында 9 магистральды су арнасы және 7 қолданыстағы су қоймасы қайта жөнделеді.