«Криминалдық полиция қызметкерлері мен өзге де қызметтер бірлесіп, іздестіру шараларын қолға алды. Жоғалған әйелдің таныстары мен туыстарынан сұрап білді. Соның нәтижесінде наурыздың 22-сінде әйелдің Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері бұл әйелді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде профилактикалық есепке және бақылауға алды», - деді ведомстводан.
Із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды
Із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы Марияның жоғалғаны туралы наурыздың 20-да күйеуі Қосшы қаласындағы полиция бөлімшесіне хабарлап айтқан. Ол наурыздың 12-сінде сағат 23:00 жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Үйінде үш баласы қалған.