Құрманың қандай пайдасы бар?

24 наурыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Құрманың қандай пайдасы бар? Қасиетті Рамазан айында ораза ұстағандар үшін құрмамен ауыз ашу -  сүннет. Ал медицина тұрғысынан қарағанда, күні бойы нәр татпаған адамға аталмыш жемісті жеу денсаулығы үшін өте пайдалы. Себебі, құрма 70% судан тұратындықтан, ауыз ашқан адамға бірден көп мөлшерде су ішпеуіне жағдай туғызады. Ал дәрігерлер құрамы фруктозаға бай құрманы жеген адам әлсіремейді әрі шаршамайды деп түсіндіреді. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен: Құрма: Израилде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада витаминнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Чөлден гелен шифа хурма» (Шөлден жеткен шипалы құрма) (Алтынбурж йайыневи) атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де витаминге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.

Дереккөз: muslim.kz