Жаңалықтар

Омбы сапары

ашық дереккөзі

Омбы сапары

Жыл басында оқырманнан «TÚRKISTAN-ның Ресейдегі екі кейіпкері мемлекеттік «Шапағат» ме­далімен марапатталды» деп сүйінші сұраған едік. Олардың бірі – «Омбы қазақтары» ұйы­мының негізін қалаушы Торғын Әшенова марапат алған бойда: «TÚRKISTAN газетіне шыққан мен туралы сұхбат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына іліккен соң ол «Ре­сейде де қазақтың осындай батыр қыздары тұрады екен ғой» деп ой түйген секілді. Әрі Қа­зақ­стандағы ұйымдардан кем түспей, Ресейде туып-өссек те қазақ тілі мен ділін ұмыттырмау үшін ат­қарып жүрген қыруар шаруамыз туралы естіп-білсе керек. Қазақстан Президенті TÚRKISTAN га­зеті арқылы бізді таныды десем, артық айтпаймын. Расымен, TÚRKISTAN Президенттің бізді та­нып-білуіне үлкен септігін тигізді» деп ағынан жарылған еді. Біздің басылымның тұрақты оқыр­маны Торғын Омбы қазақтарының тұрмыс-тіршілігі және құрмалдық дәстүрімен танысып қайту үшін арнайы Омбыға шақырған болатын. Құрмалдық туралы алғаш ес­ті­ген­де «Бәлкім құр­бан­дық дегіңіз кел­ген шығар? Әлде сіздерде құр­бан­дық­ты солай атай ма?» деп қайта-қай­та сұраған едік. Сөйт­сек, арнайы мал сойып, туған-туыс, дос-жаранды бір дастарқан басына жинап, ізгі ті­лек­­тер айту ғұрпын Ом­бы қазақтары құр­малдық деп атайды екен. Омбыға бар­­ған алғашқы күні «Арман» ка­фе­сінде жайылған дас­тарқаннан дәм татып, әр ауданнан келген қоғам бел­сенділерімен таныстық. Сондай-ақ жиылған жұрт­ты қазақ әні мен күйіне бөлеген жергілікті өнер­паз­дар­­дың өнерін тамашалап, «Қалта­шоу», «Жілік сын­дыру» дәстүрін та­ма­шаладық. Қандастардың бізден жы­­рақта жүрсе де, ұлттық құнды­лық­­тардан, тіл мен дәс­түрден ажы­рап қалмағанына қайран қалып, «Жа­рай­сыздар!» дестік. Ертесі Торғын Омбының қақ ор­­тасында орналасқан «Омбы қазақтары» ұйымының кеңсесіне алып Бір ғана газельмен келемін. Біраз жер ғана жүремін. Былтыр қазан айы­нан бері сабақ жүргізіп келе жат­қандықтан барлық жерді жаттап ал­дым. Еш кедергісіз жетемін» дейді Хан­батый аға киімін ілгішке іліп жа­тып. «Қоянбай ауылы мен Омбы қа­ласының арасы 75 шақырымдай. Қа­­­тынау қиын емес пе?» десем, «Мен Ом­быдағы қазақ балаларына дүй­сен­бі, сейсенбі күні сабақ беремін. Ал қал­ған күні Қоянбайға барып, «Ме­рей» ансамбліндегілерге үйірме өт­кі­зе­мін. Омбыда үйім бар. Сондықтан аса қиын емес. Маған балаларға бір­деңе үйреткен ұнайды. Оған қоса, қа­­зір­гідей қаладағы ата-аналардың қы­зығушылығы арта түскен уақытта ауылдан басқа жерге бармаймын деп бұртиып отырып алу дұрыс емес. Дом­­­быраны өскелең ұрпаққа біз та­нытпасақ, кім танытады? Бірақ біздің балаларды мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Мерекелік кештерде ән айтатын олар қо­нақтардың қалталарына ақша қыс­тырғанын көріп, мәз болады. Бер­ген ақшалары кәмпитін, шоко­ладын алып жегенге жараса да жақсы ғой» дейді. Мені қатты таңғалдырған жайт, домбыра үйірмесіне қатысатын бір топ бала Ханбатый ағаға көмекте­суге асығып тұрады екен. «Ата, тұра тұрыңыз!», «Ата, мен қазір ашамын!», «Ата, жүріңіз, мен ертіп барайын!» деп улап-шулаған олар Ханбатый аға­ны қаумалап, домбыра сабағы өте­тін кабинетке жетектеп апарды. Ал­мас уәде бергендей, олар бізге «Ке­лін­шек» күйін орындап берді. Бір қы­зығы, Ханбатый аға кабинетте кім­нің қайда отырғанын біледі екен. «Шетте отырған Олжас сен бе? Ол­жас, сен күйді олай қатты аяқтама. Қа­не, менімен бірге қайтала!» дегені сол еді, Олжас ағаның қасына жетіп ба­рып, екеуі бірге орындай бастады. Мұнда қала балаларының бірінен-бірі қалмай, жарысып тұрып дом­быра шертуге деген ынтасын байқап бір таңғалсақ, олардың үлкенді ай­рық­ша сыйлап, құрметтейтініне куә болып, екінші рет таңғалдық.

Ұлтына деген құштарлығы ерекше Махаббат ағай

Кеңседе жайылған дастархан ба­сында Махаббат Көптұров­пен әңгімелесіп, Торғын секілді біраз игі істерге ұйытқы болып жүргенін біл­дік. Көп жыл бойы әскери қызмет ат­қарған Махаббат аға қазір Омбы­да­ғы Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығының бас­қарма төрағасы қызметін атқа­ра­ды. Осыдан екі жыл бұрын Омбы әс­кери госпиталінің ғимаратында Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақ­таның орнатылуына мұрындық бол­ған. Мұның бәрі кездейсоқ бол­ға­нын айтқан ол алғашында Кемел То­қаевтың кім екенін білмегенін айтады. «Мен – Омбыда жұмыс істейтін «Қарулы күштер ардагерлері» қа­­­­лалық қоғамдық ұйымының мү­ше­сімін. Екінші дүниежүзілік соғыс жыл­дарында Омбыда 45 госпиталь жұмыс істеген. Онда майданда ауыр жараланған 200 мыңға жуық адам ем-дом алған. Әлгі ұйымның бір оты­ры­сында сол сұрапыл уақытта сар­баз­дардың жанын аман алып қалған дә­рігерлердің еңбегін елеп-ескеріп, ескерткіш тұрғызайық деген бастама көтерілді. Бірақ бұл идеяны дәрі­гер­лер кәсіподағы бізден бұрын іске асы­рып, Жеңіс саябағына ескерткіш ор­натты. Біз бұл жобаны әзірлеу ке­зінде дәрігерлерден бөлек, жара­лан­ған адамдар арасында танымал бол­­ғандар туралы да деректер іздес­тірген едік. Архивті ақтарып отырып, Кемел Тоқаев деген есімге мән бердім. Ол кезде Сенат төрағасы қызметін атқа­ратын Қасым-Жомарт Тоқаев­тың фамилияласы немесе туысқаны болар деп ойладым. Сосын кеңес оты­­рысында ақыры дәрігерлерге ес­керт­кішті басқа кәсіподақ орнатты, онда біз осында жарты жыл емделген, кейін Қазақстанда детектив жан­ры­ның жолын ашқан, көрнекті жазушы Ке­мел Тоқаевқа естелік тақтайша ор­натайық деген ойымды ортаға тас­тадым. Үстел басында отырғандар «Өзің ұсындың, енді өзің айналыс» де­ді. Ақырында бірнеше жыл бойы зерт­теп-зерделегеніміз өз нәтижесін бе­ріп, діттегеніміз іске асты» дейді Ымырт түсе бастаған кезде әй­гілі, кезінде ең таңдаулы, біре­гей оқу орны саналған Омбы ка­дет корпусының алдына келіп жет­тік. «Бұл жердің несімен ерекше еке­нін айтпасақ та білесіз» дейді Торғын мен Қуаныш. Келісерсіз, бірде-бір орысша сөз білмей келген Шоқанның ғы­лым мен өнер жолында дарынын ұш­тап, әлем есігін ашқан «Омбы ка­дет корпусы» дегенді естісеңіз сіз де елең етпей қоймайсыз. Мектепте та­рих пәнінен сабақ берген мұға­лі­мім «Ойлап қараңдаршы, Омбы кадет кор­пусына оқуға түскен кезде Шоқан нә­бары 12 жаста болған. Оған қоса, әл­гі кадет копусы – жабық әрі әскери оқу орны. Онда әскери сабақтарға ден қояды. Бірақ сөйте тұра, ол геог­ра­фия, тарих, философия, физика, ма­тематика сабақтарын беске оқып, жан-жақты дамыған» дегенін естіген кез­де бұл жердің әлдебір сиқыры бо­лар деп ойлайтынмын. Расында, со­нау 1847 жылы ауылдан келген ба­ла Шоқанға шартарапқа жол аш­қан еңселі ғимараттың алдында тұ­рып ерекше күй кешеді екенсің. Бір ауыз орысша білмеген Шоқанға кор­пус қабырғасында орыс тілін үй­реткен жақын досы, шығыстанушы ға­лым Григорий Потаниннің естелік жаз­баларынан оның өз ғасырынан озып туғанын, сондай қағілез, елгезек жан болғанын талай рет оқыған бо­лар­сыз. «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді. Біз оған қарағанда бала тә­різді едік. Өзінің бізден артық біле­ті­нін не бізден білім жағынан жо­­­ға­ры екенін білдіруге тырыспаса да, жол­дастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артық екені білініп қа­латын. Жалпы жолдастарына, со­ның ішінде маған, ол еріксіз «Еу­ро­па­ға ашқан терезе» сықылды болды», деп еске алады Потанин бір жаз­ба­сын­да. «Көріп тұрсыз ба? Анау жерде Шоқанның досы болған Потанинге арналған тақтайша тұр. Ал мына жер­де Шоқан Уәлихановке арналған тақ­тайша тұр. Жалпы, корпустың ал­дында осында әр жылдары білім ал­ған мықтылардың құрметіне осы­лай қара түсті тақтайшалар ілінген» дей­ді Қуаныш.