Теміртауда пәтерден баланың мәйіті табылды

Теміртауда пәтерден баланың мәйіті табылды

Теміртауда пәтерден баланың мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Теміртауда бала кісі қолынан көз жұмды. Полиция кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.
«Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.