Қыдырәлі ДАЙЫРБЕКОВ, кәсіпкер, модельер: Қазір әлем қазақы стильге қызығып отыр

Қыдырәлі ДАЙЫРБЕКОВ, кәсіпкер, модельер: Қазір әлем қазақы стильге қызығып отыр

Қыдырәлі ДАЙЫРБЕКОВ, кәсіпкер, модельер: Қазір әлем қазақы стильге қызығып отыр
ашық дереккөзі
Қазір қолына ине ұстап, іс тігетін, заманауи техно­ло­­гияны меңгерген ер азаматтар саны көбейіп келеді. Он саусағынан өнер тамған Қыдырәлі Дайырбеков те осы кәсіпті таңдаған. Алматы қаласынан дүкенін ашып, этно-модернизм стилінде киім тігіп жүрген ол шетелдегі қандастарымыздан жиі тапсырыс алатынын айтады. Қыдырәлінің дүкенінен ерлер мен әйелдерге арналған түрлі киім­дер­ді көруге болады. Заманауи стиль­де тігілгенмен әрбірінде ұлттық ко­ло­рит бар. Бұл – шығармашылық із­­­деністі қажет ететін дүние.  width=
 «Тігін өнеріне 2013 жылдан бас­тап қызыға бастадым. Мектеп бі­тір­ген соң арман қуып Алматыға келдім де, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түс­тім. Өзім кішкентай ауылдан кел­ген соң үлкен қаладағы қайнаған өмір­ді, қызу тіршілікті, түрлі мүмкін­дікт­і көріп, шығармашылыққа деген қы­зығушылығым ояна бастады. Сөй­тіп, өзіме «Мен кіммін? Не істегім ке­­­­леді? Болашағымды немен байла­ныс­тырамын?» деген сұрақ қойдым. Ой­лана келе, тозбайтын, жұтамай­тын кәсіппен айналысқаным дұрыс деген шешімге келдім. Сөйтіп, түрлі курс­тарға барып, негізгі оқуыммен қатар өзімді дизайнер ретінде қа­лып­тастыруға әрекет жасадым. Отба­сым­да ешкім бұл кәсіппен айналыс­па­са да, маған сенім артып, «үлгерсең, қо­лыңнан келсе, көр» деп рұқсатын бер­ді», – дейді Қыдырәлі.
 width= Осылайша, арманшыл жас жо­ғары оқу орнын бітірген соң мектепте екі жыл жұмыс істейді. Алайда тігін өнеріне деген қызығу­шылығы арта береді. Осыдан кейін ар­мандап жүре бермей, әрекетке кө­шуді ойлаған ол «Сымбат» дизайн жә­не технология академиясына ди­зайн мамандығына оқуға түседі. Қа­зір ол алғаш киім тіккен сәтін кү­ліп еске алады.
«Екінші курсты бітіріп, ауылға бар­ғанымда өзім естіп алған мықты ди­зайнерлер алдымен пердеден киім тік­кенін естіп мен де пердеден киім тік­кен едім. Кішкентай адамға аз ма­та кетеді деген оймен кішкентай қа­­­рындасыма көйлек тіккенмін. Қа­зір сол көйлекті киіп түскен сурет сақ­таулы», – дейді тігінші.
Кейіпкеріміз киім тігіп, кәсіп ашу аса қиын жұмыс емес еке­нін айтады. Мұндағы маңызды дү­ние – концепцияны дұрыс құра білу. Сонымен қатар ол жеке кәсіппен айналысуға бел буғанда көзсіз тәуе­кел­ге барып, асығыстыққа бой ал­ды­руға болмайтынын айтады. Бастамаң сәтті болуы үшін барлығын жоспар­лап, ой елегінен өткізіп алған жөн.
«Басында тапсырыстарды үйде қа­былдап, мата алуға да өзім барып ке­летінмін. Киімді бір өзім тігіп, одан қал­са әлеуметтік желілердегі парақ­ша­ны жүргізіп жүрдім. Осылай жұ­мыс істеп жүріп тұтынушыларға кеңес беруге үлгермей қалатынмын. Со­сын жаныма адамдар жинап, жауап­кершілікті ақырындап бөле бас­тадым. Ісіңді толық түсініп, дұрыс ұйымдастыра білсең, табысты бизнес болып шыға келеді деп ойлаймын. Қазір масштабтау үстіндеміз. Әри­не, жалғыз емеспін, командам бар. Олардың әрқайсысына жауапты жұ­мыс жүктелген», – дейді жас кәсіп­кер.
 width= width= Бір киімді тігуге кететін уақыт киімнің түріне, өлшеміне, піш­кен кездегі детальдар санына жә­не материалына байланысты. Ең бас­ты­сы, сапалы дүние тігіліп, ол та­п­сырыс берушінің көңілінен шы­ғуға тиіс. Тігінші қазір трендтегі бұйым­дарды тігіп, тұтынушымен дұрыс байланыс құру, құндылықтарды аша білу, тігін ісін ұйымдастыруда операциялық жүйе­лерді автоматтандыру мәсе­ле­леріне басымдық беріп жатқанын ай­тады. Кәсіпкерді еліміздегі сапалы ши­кізат тапшылығы қын­жыл­­тады. Сондықтан ол қажетті ма­те­риалды Италия, Корея, Жапония, Түр­кия елдерінен алуға мәжбүр.
«Қа­ламыздағы дүкендерден ойыңдағы бұйым­ды жасауға жарайтын мата тап­пайтын кездер болады. Сол кезде бірін­ші эскизден бұрын мата тауып, со­ған сәйкес эскиз сызатын кездер бо­лады. Бұл шығармашылыққа шек­теу қояды. Өкінішке қарай, елімізде ті­гін өнеркәсібі «Қазақстанда жасал­ған» дегеннен гөрі «Қазақстанда ті­гіл­ген» деген атқа көбірек келеді. Се­бебі сапалы бұйым жасау үшін са­па­лы материал керек», – дейді тігін­ші.
 width= Тігін – көз майын тауысып іс­­­­тей­тін жұмыс. Бұл құлақ үй­ренген үйреншікті сөз тіркесі емес еке­ніне Қыдырәлі тігін цехында жұ­мыс істеп жүрген кезде көз жеткізген. Зей­нет жасына жақындап қалған апа­ларымыздың тігін машинасында ден­саулығына зиян келтіріп отыр­ға­нын көрген ол бұл салада шығар­ма­шы­лық болмаса, ойыңа жаңа идея ке­ліп, соны іске асыру үшін жанып тұ­рып жұмыс істемесең, тек маши­на­да отырып екі детальді бір-біріне қо­сып тіге беру аса қызық іс емес деп есеп­тейді. Оның ерлер мен әйелдерге ар­­­­налған киімдері 15-35 жас ара­лығындағы адамдарға арналған. Алайда ол «Мен өзімді әлі де жас се­зінемін, жастармен қатар киіне ала­мын деп келетін 35-тен асқан көңілді клиенттерім де бар», – дейді. Қы­ды­рәлі­нің қолынан шыққан киімдерге елімізде сұраныс жақсы. Әсіресе, ше­­телдегі қандастарымыздан жиі тап­сырыс алатынын айтады. Мәсе­лен, жақында Моңғолия мен Ресей­дегі қандастарымыздың тапсырысын жөнелтіпті.  width=
«Этно-модернизм бағытын таң­дадым. Ол – «заманауи қазақша» де­ген сөз. Бұл тек шапанға жапсы­ры­л­ған қошқар мүйіз емес. Біздің бол­мы­сы­мызды, тұрмысымызды ашатын мық­ты дизайнерлік туынды керек. Алдағы мақсатым – осы ісімді Қазақ­стан­да сапасы мойындалған алпауыт бренд ретінде қалыптастыру. Ол үшін менде идея мен зерттеу мате­риал­дары бар. Бізде құндылығы әлі толық ашыл­­­маған бабадан қалған үлкен қолөнер мұрасы бар. Сән қай­та­ланады, адам бейсаналы түрде өз дің­гегіне байлаулы. Қазір әлемде қа­зақ болу сәнде. Біздің көшпелі өмір сал­тымыз үлкен Еуропа брендтерін ша­быттандырып жатыр. Бұған мысал ре­тінде Louis Vuitton-ның киіз үй инс­талляциясын айтсақ болады. Мен мо­нетизацияланған қазақша өнердің ав­торы болуды мақсат тұтып отыр­мын», – дейді модельер.