Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды
ашық дереккөзі
Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы елшілері тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды; Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.