Бокстан ӘЧ-да қазақстандықтар алтын үшін кімдермен таласады?

Бокстан ӘЧ-да қазақстандықтар алтын үшін кімдермен таласады?

Бокстан ӘЧ-да қазақстандықтар алтын үшін кімдермен таласады?
ашық дереккөзі
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда қазақстандықтар Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаеваның кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сенбі күні әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері К.Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта италиялық Теста Ирмамен рингке шығады. Теста Ирманың бір басына жетерліктей атақ-даңқы бар. Ол – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, сондай-ақ 2019 жылғы Еуропа чемпионы. 2016 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған Л.Күнгейбаева аса ауыр салмақта марокколық Марди Хадиджамен күш сынасады. Оның да қарсыласы мықты. Марди Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2019 жылы – қола, 2022 жылы – күміс), өткен жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы.