Головкин қазір немен айналысып жүр?

Головкин қазір немен айналысып жүр?

Головкин қазір немен айналысып жүр?
ашық дереккөзі
WBA Super/IBF орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатон Бэнкстің айтуынша, GGG қазіргі уақытта жаттығудан үзіліс жасап, отбасымен мүмкіндігінше көп уақыт өткізуге тырысады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Головкин өзінің алдыңғы жекпе-жегін өткен жылы қыркүйекте өткізді, онда ол трилогиясының соңғы бөлімінде судьялардың шешімімін Сауль «Канело» Альвареске есе жіберді. Ақпан және наурыз айларында Геннадий IBF және WBA атақтарынан бас тартты. Оның алдағы мансаптық жоспарлары әлі белгісіз.
«Дәл қазір Геннадий отбасымен бірге уақыт өткізуде, өйткені өмірін спортқа арнаған көптеген адамдар жақын адамдарымен өткізетін қымбат уақытты жіберіп алады. Сондықтан ол қазір отбасына уақыт бөлуде», - деп жауап берді Бэнкс slothboxx-ке берген сұхбатында.