Тұмауға қарсы вакцина салдырған 60-қа жуық адам қайтыс болды

Тұмауға қарсы вакцина салдырған 60-қа жуық адам қайтыс болды

Тұмауға қарсы вакцина салдырған 60-қа жуық адам қайтыс болды
ашық дереккөзі

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды деп жазады turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Үкімет осы вакцина егуді жалғастыруға тәуекел етіп отыр. Cебебі Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ деп санайды.

Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы емделушіден басқасы егде жастағы адамдар.

Сондықтан екпеден қорықпауға шақырады. Кореяда жыл сайын 3000-ға жуық адам тұмаудан қайтыс болады.

Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион азаматтың 56%-ына екпе жасалды.

Мамандар вакцина салдыруға қарағанда маска кию маңызды екенін айтады.