Сенбі, 10 Маусым, 2023

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді деп хабарлады  turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Іс полицияда «зорлау» бабы бойынша тіркелді. Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.

«Күдікті – жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс «Зорлау» бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button