Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды

22 наурыз, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді деп хабарлады  turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. Іс полицияда «зорлау» бабы бойынша тіркелді. Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады. «Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс «Зорлау» бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - делінген полиция хабарламасында. Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.