Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Алматыда қазақстандық кәсіпқой Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Жанқош жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесуде мексикалық боксшы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, айқын фаворит саналған жоқ. Он екі раундтан тұратын айқас отандсымыздың жеңісімен аяқталды. Мексикалық боксшының тоғызыншы раундта қабағы жарылып, оныншы раунд басталмай жатып жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды. Ал кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңілісіне ұшыраған Алехандро Менесес чемпиондық титулынан айырылды.