Жаңалықтар

Шымкент пен Таразда жер сілкінді

ашық дереккөзі

Шымкент пен Таразда жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21 наурызда, түнгі сағат 22:47-де жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында тіркелген. «Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV магнитудасы - 7,8. Эпицентр координаттары - 37,00° солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км», - деп жазды «СОМЭ» ЖШС. МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.