Асыл тұқымды тазы өсіруші Президентке тазының күшігін сыйға тартты

Асыл тұқымды тазы өсіруші Президентке тазының күшігін сыйға тартты

Асыл тұқымды тазы өсіруші Президентке тазының күшігін сыйға тартты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.
photo
– Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шара барысында асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты. Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық. photo