Талдықорғанда Абайдың ескерткіші ашылды

Талдықорғанда Абайдың ескерткіші ашылды

Талдықорғанда Абайдың ескерткіші ашылды
ашық дереккөзі
Ақынның мүсіні Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрының алдына қойылды деп хабарлады turkystan.kz Жетісу облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ескерткіш Мұхтар Әуезовтің «Абай» қойылымының үзіндісімен ашылды. Қойылымда Б.Римова атындағы драма театрының әрістерімен бірге басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Болат Әбділманов өнер көрсетті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жетісулықтарды айтулы тарихи жаңалықпен құттықтап, Абай ескерткіші ашылуының Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінде үлкен символдық мән бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында Жетісу жерінде Абай ескерткішін орнатудың орындылығына назар аударып, осы іске қозғау жасағанын еске салды. Идеясын ұсынған авторлардың бірі, белгілі сәулетші марқұм Ақмырза Рүстембеков. Жалпы ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры 5,3 м, мүсіні – 3,6 м. Ескерткіштің сәулетшісі – Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, ұзақ жыл Сәулетшілер одағын басқарған сәулетші Ақмырза Рүстембеков. Мүсіншісі – Мейірлан Әзмағанбетов. Ол бұған дейін Талдықорғандағы Сүйінбай Аронұлының, Ғали Ормановтың, Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіштерін, «Аялы алақан» композициясын жасаған.