Сенбі, 10 Маусым, 2023

Астанада үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Елордада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 20 наурызда сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

Үш көліктің – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды, – деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Елордалық полиция департаменті өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button