Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ГАЗель өртке оранды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында ГАЗель өртке оранды (ВИДЕО)

Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатының салдарынан жүргізуші қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

«20 наурызда Самара-Шымкент тасжолында «ГАЗель» көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «ГАЗель» көлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.