53 жастағы көршісінен жүкті болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

53 жастағы көршісінен жүкті болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

53 жастағы көршісінен жүкті болған оқушыға қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
Ақпан айында Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушысы ана атанды. Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасы баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін екенін айтқан деп хабарлады turkystan.kz Еуразия арнасындағы «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап. Аудандық полиция басқармасының тергеушісі бағдарламаға берген сұхбатында аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Полиция жаңа туған сәби мен 53 жастағы күдіктінің биологиялық туыстығын тексеру мақсатында олардан ДНҚ сынамасын алған. «Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық (кәмелетке толмаған адамға қарсы жасалған зорлау, жәбірленушіге күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Осы қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Аудан тұрғыны аталған бап бойынша күдікті ретінде танылды», - дейді аудандық полиция басқармасының тергеушісі Дастан Таңсықов.