Жаңалықтар

ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты

ашық дереккөзі

ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге сүйреп, рекорд орнатты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл - полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан. Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын кезеңі – көктем мерекесіне арналған шараға Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысып, спортшыны жаңа жетістігімен құттықтады. Балуанға Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталды.