Сайлауда қазақстандықтардың белсенділігі неге төмен болды – сарапшы жауап берді

Сайлауда қазақстандықтардың белсенділігі неге төмен болды – сарапшы жауап берді

Сайлауда қазақстандықтардың белсенділігі неге төмен болды – сарапшы жауап берді
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған отырыста әлеуметттанушылар мен саясаттанушылары бас қосып, сайлау қортындысын талқылады деп хабарлады turkystan.kz.  Кездесу барысында сарапшылар 19 наурызда өткен сайлаудың ерекшеліктері мен өту барысын талқылап, саяси реформалар аясында жүзеге асып жатқан жүйелі өзгерістердің жаңа Парламентті қалыптастыруға әсерін бағалады. Спикерлердің пайымдауынша, өткен сайлау еліміздегі сайлау мәдениетінің түрленуі мен азаматтық белсенділіктің артуына жол ашып, саяси пікірталастың маңыздығын көрсетті. Бір жыл бойы жүзеге асқан саяси реформалардың қорытындысы ретінде бағаланатын сайлау саяси институттардың жаңаруына жол ашты.
«Кандидаттардың көбі саяси науқанға кәсіби дайындалған. Алайда, әлі де саяси жұмысты шыңдауды қажет ететін үміткерлер бар. Биыл Мәжіліске өтетін партиялардың саны көбейді. Бұдан саяси бәсекенің күшейгенін аңғаруға болады. Ал депуттаттыққа үміткерлер келесі сайлауға қазірден бастап дайындалуы керек. Сол кезде ғана дауыс берушілердің сенімі артады. Жеңген партия үшін де, жеңілген партия үшін де тіркеуден енді өтіп жатқан немесе өткісі келетін партия үшін электоралдық период қазірден басталу керек. Халықтың сенімі олардың үнемі жұмыс істеуінен байқалады. Менің ойымша, келесі сайлауда кандидаттар дайындығы бұдан да тыңғылықты, жақсы болуы тиіс», - деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани.
Саясаттанушы, президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Құлжан Мұхтар Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында халықтың төмен белсенділік көрсеткеніне қатысты пікір білдірді.
«Биылғы Қазақстандағы сайлауға қатысқан халықтың белсенділік көрсеткіші демократиялық елдердегі жалпы әлемдік үрдіске сәйкес келеді. Егер Еуропа елдерімен салыстырып қарасақ, сайлауда дауыс бергендер шамамен 50 пайызды құрайды. Демек, Қазақстандағы көрсеткіш осы нормаға сәйкес келеді. Яғни, төмен деп емес, шынайы көрсеткіш деп есептеу керек. Мәселен, АҚШ-та 60 пайыз, Германияда шамамен 50 пайызды құрайды. Еуропарламентте дауыс берушілер саны 52 пайызды құрады», - деп жауап берді сарапшы.
Сессия барысында сайлаудың әділ және таза өтуіне 700-ден астам халықаралық байқаушының, саяси партиялар мен кандидаттардың, 40 мыңнан аса сенімді тұлғалардың атсалысқаны да ерекше атап өтілді. Олардың аралық есептері мен пікірлері дауыс берудің ашық және заңнама аясында өткенін дәлелдейді.