Шымкентте мереке қарсаңында ипподром ашылды

Шымкентте мереке қарсаңында ипподром ашылды

Шымкентте мереке қарсаңында ипподром ашылды
ашық дереккөзі
Бүгін Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңа ипподром ашылды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты іс-шара еліміздің  әр өңірінің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің  керуенін күтіп алудан басталды.  width= Одан соң аталған ипподром құрылысын жүргізген BI GROUP компаниясының президенті Айдын Рахымбаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке ипподром символы болып саналатын тағаны табыстады. Сондай-ақ шараның ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов та арнайы келді. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов барша қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Бүгін қаламыз үшін ерекше қуанышты күн. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ашылған керемет ипподром шымкенттіктер үшін елеулі жаңалық екені белгілі. Осынау ипподромның құрылысын жүргізген BI GROUP компаниясына, сондай-ақ бүгінгі шараға арнайы келіп, ат салысып, ұлттық спортымызды дәріптеп, дамытуына үлес қосып жүрген Ұлттық спорт қауымдастығына алғысымды білдіремін»,- деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мерекелік күні еліміздің дәстүрлі және эстрада жұлдыздары Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап өнер көрсетті. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясындағы іс-шара «GREAT QAZAQ GAMES» республикалық этнофестивалімен жалғасты.  width= Фестиваль аясында мына категориялар бойынша жарыстар басталды: Ұлттық тағамдар: ет асу, сірне, қуырдақ, бауырсақ, жент, қымыз, шұбат; Ұлттық ойындар: көкпар, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, садақ ату, жамбы ату; Ұлттық киім: ерлер киімі, шапан, камзол, үйлену киімі, сәукеле, тақия; Ұлттық өнер: айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән, күй қобыз, күй домбыра, жетіген, би. Ұлттық спорттық жарыстарға Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Монғолия, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Иордания, Сауд Арабиясы, Польша, Түркия елдерінен спортшылар қатысуда.  width= Іс-шараның жүлде қоры - 75 миллион теңге. Айта кетсек, аталмыш сайыстардың ақтық ойындары 22 наурыз күні өтеді.