Жаңалықтар

Шымкентте мереке қарсаңында ипподром ашылды

ашық дереккөзі

Шымкентте мереке қарсаңында ипподром ашылды

Бүгін Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңа ипподром ашылды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты іс-шара еліміздің  әр өңірінің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің  керуенін күтіп алудан басталды. Фестиваль аясында мына категориялар бойынша жарыстар басталды: Ұлттық тағамдар: ет асу, сірне, қуырдақ, бауырсақ, жент, қымыз, шұбат; Ұлттық ойындар: көкпар, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, садақ ату, жамбы ату; Ұлттық киім: ерлер киімі, шапан, камзол, үйлену киімі, сәукеле, тақия; Ұлттық өнер: айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән, күй қобыз, күй домбыра, жетіген, би. Ұлттық спорттық жарыстарға Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Монғолия, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Иордания, Сауд Арабиясы, Польша, Түркия елдерінен спортшылар қатысуда.