Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

Бүгін 20 мыңға жуық партия мүшесі, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен «AMANAT» жақтастары үгіт материалдарын жинауға арналған ауқымды акцияға кірісті. «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бір айға созылған сайлау науқанында барлық саяси партия  мен бірмандатты округтер бойынша кандидаттар үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп, бүкіл елімізде бірнеше миллион плакат жапсырған. «Енді сол жапсырылған үгіт-насихат материалдарының барлығын жинап, тазалауымыз керек. Оларды қайта өңдеуге жіберуге болады. Бұл коммуналдық қызметтің жұмысын сәл де болса жеңілдетуге септеседі. Мұндай іс-шаралар қоғамға қоршаған ортаны ұқыпты ұстаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, экологиялық мәдениеттің тұрақты моделін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бастаманы партия Төрағасы Ерлан Қошанов жақында өткен «Халықпен бірге!» форумында айтқан болатын», - деді Елнұр Бейсенбаев. «Үгіт-насихат барысында партия мен жастар қанатының 580-ге жуық мүшесі 350 мыңнан астам материал таратты. Енді бәріміз соларды жинауға кірістік. Осылайша, қаламызда тазалықтың сақталуына өз үлесімізді қосамыз», - дейді «Жастар Рухы» ЖҚ-ның белсендісі Тұрсынбек Бақытжан.