Қазақстандық боксшы 22 рет жеңілген қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы 22 рет жеңілген қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық Руслан Мадиев кәсіпқойдағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Мадиев Мексиканың Росарито қаласындағы бокс кешіне қатысып, жергілікті Хуан Хименеспен айқасты.
Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу сегіз раундқа есептелген болатын. Алайда Мадиев қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы 15-жеңісі болса, мексикалық қарсыласы 23-рет жеңіліп отыр.