Павлодар облысында үш адамның мәйіті табылды

Павлодар облысында үш адамның мәйіті табылды

Павлодар облысында үш адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Марқұмдардың жеке басы анықталып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 18 наурыз күні сағат 03:51-де Павлодар ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Жеке тұрғын үй аумағында көлікжайға бекітілген бір бөлмелі газблокты ғимараттың ағаш шатыры опырылып, жалпы алаңы 40 шаршы метрде жиһаз және тұрмыстық заттар толығымен жанып кетті.
Өртті сөндіру барысында ғимараттың терезесінің жанынан екі күйген мәйіт табылды. Олардың деректері анықталуда. Ғимараттан 50 литрлік газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 04:36-да оқшауланып, 05:10-да жойылды. Себептері мен шығыны анықталуда, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осы түні сағат 04:09-да Павлодар қаласында Генерал Дүйсенов көшесі, 304 мекенжайында құрылыс тіркемесі өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты жалмады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жанып кеткен мәйітті тапты, деректер анықталуда.
Өрт сағат 04:38-де жойылды. Себеп пен залалы анықталуда. Осы оқиғаға байланысты Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – делінген хабарламада.