Нұрбек Матжани: Exit poll нәтижесі - шынайы нәтиже

Нұрбек Матжани: Exit poll нәтижесі - шынайы нәтиже

Нұрбек Матжани: Exit poll нәтижесі - шынайы нәтиже
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани Мәжіліс пен мәслихат сайлауындағы алғашқы exit poll нәтижесіне қатысты "Qazaqstan" телеарнасындағы тікелей эфирде өтіп жатқан «САЙЛАУ – 2023» бағдарламасында пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің ойымша, ең бірінші сайлауға келген адамдарың санына тоқталған жөн. Ол 50%-дан асты. Ал, әлемдік трендке қарайтын болсақ, көп елдерде ол 50%-ға жетпейді. Бұл сайлауға деген халықтың қызығушылығын білдірсе керек. «Ауыл» партиясының 10%-дан артық дауыс жинауы да осы сайлау науқанының жаңалығы.  Бірақ, мен үшін жаңалық болған енді ғана тіркелген «Respublica» партиясының шамамен 9%-дай дауыс жинауы. Сайлауға 7 партия қатысты, оның алтауы exit poll нәтижесі бойынша Парламентке өтті. Бәсеке өте қызу болғаны анық. Ал, мәжіліске өткен партияларға сәттілік тілеймін. Жалпы, менің ойымша, exit poll-дың нәтижесі мен қорытынды нәтижені салыстырғанда қатты айырмашылық болмайды» - деді Нұрбек Матжани.