Сайлаушылардың 54,19 %-ы дауыс берді – ОСК

Сайлаушылардың 54,19 %-ы дауыс берді – ОСК

Сайлаушылардың 54,19 %-ы дауыс берді – ОСК
ашық дереккөзі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.

Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

1.             Абай облысы бойынша – 57,02%

2.             Ақмола облысы бойынша – 60,01%

3.             Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%

4.             Алматы облысы бойынша – 60,03%

5.             Атырау облысы бойынша – 51,23%

6.             Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

7.             Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8.             Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9.             Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10.           Қостанай облысы бойынша – 65,10%

11.           Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

12.           Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

13.           Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15.           Түркістан облысы бойынша – 53,01%

16.           Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18.           Астана қаласы бойынша – 42,91%

19.           Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20.           Шымкент қаласы бойынша – 45,46%