Сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады

Сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады

Сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады
ашық дереккөзі
Өскеменде сайлауға келген студент сүйіктісіне ұсыныс жасады. Ерекше жағдай қаладағы сайлау учаскелерінің бірінде болған деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Көптің алдында көңілін білдіріп, батыл қадамға барған жігіт С.Аманжолов атындағы университетте оқиды. Оқиғаның куәсі атанғандар барлығы салтанатты түрде өтті деп жазды әлеуметтік желіде. Жұрт алдында тосынсыйға тап болған Ләйлә Төлеубекова да С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да білім алады. Дегенмен, оған ұсыныс білдірген Арман Скендіровтің әрекетіне сын айтқандар да табылды. Желіде жарыса жазғандардың көбі мұны ерсі әрі шенеунік болуға жасалған алғашқы қадам десе, енді бірі екі жасқа бақыт тіледі.