Жаңалықтар

Сайлау-2023: қазақстандықтардың 53,11%-ы дауыс берген

ашық дереккөзі

Сайлау-2023: қазақстандықтардың 53,11%-ы дауыс берген

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы жаңа мәліметтерді таратты деп хабарлады turkystan.kz. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11%-ы бюллетеньдер алды. Оның ішінде: Абай облысы бойынша –56,14% Ақмола облысы бойынша –59,49% Ақтөбе облысы бойынша –56,88% Алматы облысы бойынша –59,74% Атырау облысы бойынша –49,19% Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,81% Жамбыл облысы бойынша –65,00% Жетісу облысы бойынша –55,07% Қарағанды облысы бойынша –58,85% Қостанай облысы бойынша –65,00% Қызылорда облысы бойынша –65,70% Маңғыстау облысы бойынша – 54,04% Павлодар облысы бойынша –58,61% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –64,46% Түркістан облысы бойынша –51,07% Ұлытау облысы бойынша – 58,63% Шығыс Қазақстан облысы бойынша –63,63% Астана қаласы бойынша –40,94% Алматы қаласы бойынша –22,95% Шымкент қаласы бойынша –43,89% Келесі жедел ақпарат сағат 20.10-да шығады.