Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті
ашық дереккөзі
Қонаев қаласында орналасқан «Тұлпар» ретрокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев сайлау күніне орай автошеру ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz. Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, Мұрат Сіргебаев ақжаулықты әжелермен қаланы аралап, халықты белсенді болуға шақырды.
«Бүгінгі іс-шараға көптеген ретрокөлік қатысты. Біз барлық сайлау учаскелерін аралап шығамыз. Әз-Наурыз мерекесіне орай тағы да автошеру ұйымдастырмақ ниеттеміз. Жалпы біз ешқандай шарадан тыс қалмаймыз. Сонымен қатар бүгін азаматтық борышымызды өтеп, дауыс бердік», - деді Мұрат Сіргебаев.
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 34 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның бесеуі – жабық сайлау учаскелері. Жалпы облыста халықтың 16%-ға жуығы дауыс беріп үлгерді.