Жаңалықтар

Қоғамда саяси амбициясы бар адамдарға мүмкіндік болды – саясаттанушы

ашық дереккөзі

Қоғамда саяси амбициясы бар адамдарға мүмкіндік болды – саясаттанушы

Саясаттанушы Нұрбек Пұсырманов Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Сайлаудағы басты ерекешелік – үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік болғаны. Қоғамда саяси амбициясы бар адамдарға, қоғамда өзін танытқысы келген азаматтарға жаңа тетік пайда болды. Сондықтан өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдалануға болады. Сол азаматтар енді партиялық тізім бойынша сайлауға түсе алады. Демек, бұл азаматтық, қоғамдық қалыптасу процесін жетілдіреді Конституциядағы негізгі идеологиялық бірліктерді, идеяларды жүзеге асыру Парламенттің құзыретіне кіреді. Парламент енді заң шығарушы орган емес, Конституциядағы идеяларды жүргізу механизімін әрқарай жетілдіре түсетін болады. Сондай-ақ өзін өзі ұсыну мүмкіндігі бәсең сайлау құқығын кеңейтуге алып келді. Ол - сайлану құқығы. Бұған дейін бәсең сайлау құқығы Президенттік сайлау кезінде болды. Ал Мәжіліс пен мәслихатта болмаған», - деді ол. Саясаттанушы бүгінгі саяси науқанда дауыс беріп жатқан халықтың белсенділігіне баға берді.  «Халық белсенді түрде дауыс беріп жатқанын байқадым. Демек, саясатқа бетбұрыс бар. Соңғы бір жылда Президенттің реформалары референдумнан кейін саясатқа оң көзқарас қалыптасты. ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ жүргізген зерттеуге сәйкес, 71,5% халық  Қазақстанның дұрыс бағытта кетіп бара жатқанын қолдап отыр. Рефрендумның жалғасы есебінде өтіп жатқан сайлау бұл жаңа қоғамдық әлеуметтік шарттың жалғасы», - деді Пұсырманов.