Айдос Жұқанұлы: бәрінің айтқанында ортақ бір сөз бар. Ол – жаңару

Айдос Жұқанұлы: бәрінің айтқанында ортақ бір сөз бар. Ол – жаңару

Айдос Жұқанұлы: бәрінің айтқанында ортақ бір сөз бар. Ол – жаңару
ашық дереккөзі
Журналист әрі қоғам белсендісі Айдос Жұқанұлы халықтың жаңаруды қалап жатқанын айтып, өзінің пікірін әлеуметтік желіде бөлісіп, Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріндегі дауыс берудің қалай жүріп жатқанын жазды. Ол Алматыдағы 17-мектеп лицейінде байқаушылардың көп екенін де айтады.
Сайлаудан қалмаушы едім. Осы жолы кешігіп баратын сияқтымын. Өйткені жұмыс бабымен басқа сайлау учаскесінде жүрмін. Алматыдағы 17-ші мектеп-лицей ғой. Бірден көзіме түскені - байқаушылардың көптігі. 20 адам отыр ғой деймін аңдып. 40 көз қарап отырғанда, сайлау әділ өтпей көрсін! - дедім іштей. Сайлауға барушылардың да қарасы қалың. Сыртта тұрған тәуелсіз бір ұйымның өкілі сауалнама жасап жатыр. Алыстан ақырын тыңдап тұрдым. Бәрінің айтқанында ортақ бір сөз бар. Ол - жаңару. Иә, шынымен жаңарып, жаңғырығады деп ойлаймын. Парламент қана емес, Үкімет те. Айтпақшы Алматыда күн суық. Жеңіл киініп шыға салғам ғой. Тоңып кеткен соң кетейін деп жатқанымда, бір таныс адам келе қалды. Соңынан еріп, ішіне қайта кірдім. Бәсе, қайдан көрдім десем, телевизордан көрген екем ғой. Өзіміздің Роза Рымбаева!