Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін қандай жағдай жасалды?

Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін қандай жағдай жасалды?

Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін қандай жағдай жасалды?
ашық дереккөзі
Астана қаласында дауыс беруге құқығы бар 19 мың мүгедек адам тұрады. Олардың ішінде кресло-арбада – 1 343 адам, есту қабілеті бұзылған – 457 адам, көру қабілеті бұзылған – 492 адам бар деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау жөнінде қызметті 3 ұйымнан 40 машина жүзеге асыратын болады: - кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін – 6 бірлік, «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жүзеге асырады; - көру қабілеті нашар адамдар үшін – 20 бірлік, «Малика» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады; - 14 бірлік Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (18 жастан асқан) дәрігерлік консультативтік комиссияның тағайындауы бойынша «Мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуші жүзеге асырады. Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну үшін мүгедектікті белгілеу мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып саналады. Инватакси қызметін күнделікті алу үшін қызмет көрсететін ұйымға телефон арқылы бір тәулік бұрын өтінім беру қажет.