Жаңалықтар

UFC президенті Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

UFC президенті Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады (ВИДЕО)

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың (17-0) келесі қарсыласы кім болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. UFC 286 турнирінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында әлемнің жетекші MMA-лигасының президенті Дана Уайттан журналистер: «Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы кім?» - деп сұрады. UFC басшысы көмекшілерінің нұсқауынан кейін: «Рахмонов. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп жауап берді. Айта кетейік, америкалық UFC файтері Белал Мухаммад қазіргі уақытта UFC жартылай орта салмақтар рейтингінде төртінші, ал Шавкат Рахмонов алтыншы орында тұр. https://www.youtube.com/watch?v=bKXyigHFrOM&t=1344s