Жасанды интеллект сайлаудың әділ өтуіне септігін тигізеді – Алтынбек Шәріпбай
Жасанды интеллект сайлаудың әділ өтуіне септігін тигізеді – Алтынбек Шәріпбай
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Сайлау-2023» онлайн марафонында техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбай сайлауды жасанды интеллектінің көмегімен өткізуге шақырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін - сайлау күні. Елімізде қаншама адам, қаншама сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Соның керегі не? Оның барлығын мына телефонға шығарып, менің суретімді танып, дауыс берсек, ешқандай өтірік сайлау болмайтын еді. Оны жасанды интеллектімен жасау оп-оңай. Соған кеткен қаржының бәрін студенттерге, жастарға таратып берген дұрыс болады. Осы телефоннан артық әділдік жоқ. Менің суретім түсті, мен дауыс бердім, болды. Оған жету үшін бір-ақ ай керек», - деді Алтынбек Шәріпбай.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Үш сағатта 1,7 миллион адам дауыс беріп, Үкіметтің отставкаға кететіні айтылды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.