Жаңалықтар

Астананың 18 жастағы тұрғыны сайлауда алғаш рет дауыс берді

ашық дереккөзі

Астананың 18 жастағы тұрғыны сайлауда алғаш рет дауыс берді

Астананың 18 жастағы тұрғыны Абай Тәңірберген алғашқылардың бірі болып №379 сайлау учаскесінде дауыс берді деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, сайлау учаскесі ашылғанға дейін келіпті. «Бүгін мен үшін тарихи күн. Сайлауда дауыс беру менің азаматтық міндетім деп санаймын. Бірінші болып дауыс беру үшін бүгін ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуын сағат 6-дан күттім. Мен елдің болашағын анықтайтын үлкен саяси науқанға үлес қосқым келді», - деді ол. № 379 сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Садықова тұңғыш рет дауыс берген Абай Тәңірбергенге сыйлық жасап қуантты. №379 учаскеде барлығы 2494 сайлаушы, 10 076 бюллетень алынды. Ал тіркелген сайлаушылардың 5-еуі 18 жаста, яғни алғаш рет дауыс береді. Ал 1 сайлаушы үйінде отырып дауыс береді.