Жаңалықтар

Сайлау-2023: бүлінген бюллетеньді ауыстыруға бола ма?

ашық дереккөзі

Сайлау-2023: бүлінген бюллетеньді ауыстыруға бола ма?

Бүлінген бюллетеньді бір рет қана ауыстыруға болады деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты. «Егер сайлаушы қате жіберіп, ол бюллетеннен сызылған кандидатты белгілесе және бюллетеньді жәшікке салмай тұрып қателескенін анықтаса, оның учаскелік комиссияға жүгініп, осы бюллетеньді өзгертуді сұрап, қайта дауыс беруге болатын басқасын алу мүмкіндігі бар», - деп жауап берді Айгүл Қалықова.