Президент Әкімшілігінің басшысы сайлауда өз таңдауын жасады
Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Ол әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайындағы №59 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.