Үкімет отставкаға кетеді – Әлихан Смайылов

Үкімет отставкаға кетеді – Әлихан Смайылов

Үкімет отставкаға кетеді – Әлихан Смайылов
ашық дереккөзі
Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берген соң Үкімет отставкаға кететінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ол еліміздің келесі Үкімет басшысы кім болатынын Президент пен Парламент Мәжілісі тағайындайтынын жеткізді.
 «Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңадан сайланғаннан кейін Үкімет өкілеттілігін тоқтатып, отставкаға кетеді. Алайда жаңа Үкімет жинақталмағанша, біз өз міндетімізді атқаруды жалғастыра береміз. Әрине біз  кез келген жағдайға дайын боламыз. Еліміз үшін жұмыс істеуге әрдайым дайынбыз», - деді Әлихан Смайылов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Үкімет басшысы елордадағы Ұлттық кітапханадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны 2 744.