Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды
ашық дереккөзі
Бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлайды деп хабарлады turkystan.kz. 19 наурызда таңғы сағат 7-де Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды. Астана уақыты бойынша сағат 07:00 - де еліміздің 20 өңірінің 15-індегі сайлау учаскелерінде - Астана, Алматы және Шымкентте, Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында дауыс беру басталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру өзге бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында - бір сағаттан кейін, елорда уақыты бойынша сағат 08:00 - де (Батыс Қазақстан уақыты бойынша 07:00-де) басталады. Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру күні Қазақстан аумағында бірнеше мың сайлау учаскелері жұмыс істейді. ҚР шетелдік мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мұнда ҚР азаматтары Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыса алады. Еске сала кетейік, 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін Парламент Мәжілісі депутаттарының 70% – ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30% - ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Осылайша, алдағы сайлауда партиялық тізімдер бойынша Мәжілістің 69 депутаты және бір мандатты аумақтық округтер бойынша 29 депутат сайланады. ҚР Парламенті Мәжілісінің 8-шақырылымы бойынша 98 депутат сайланады. Сайлауға қатысуға жеті саяси партия жіберілді.