Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

Оралда 22 жастағы қыз суицид жасады

Орал қаласында 22 жастағы қыз 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше түсте болған.

«Жедел жәрдем сағат 13:17-де шақыртылды. 2001 жылғы қыз 9-қабаттан секіріп кеткен. Көптеген жарақат алып, жедел жәрдем барған кезде қайтыс болып кетті», – деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ҚР ҚК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм Теректі ауданында туып-өскен. Кейінгі уақытта Орал қаласында жұмыс істеп жүрген. Сол күні таныс қыздары тұратын үйге барып, осындай жағдайға тап болған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button