Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

«Қазгидромет» РМК-сы 18 наурыздағы күн райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.
«Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады», – делінген хабарламада.