Әлем кубогі: қазақстандық фристайлшы күміс жүлдегер атанды

Әлем кубогі: қазақстандық фристайлшы күміс жүлдегер атанды

Әлем кубогі: қазақстандық фристайлшы күміс жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz. П. Колмаков фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, аустралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлде бұйырды. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК мәліметі бойынша, тағы бір қазақстандық Антон Бондарев іріктеуден өте алмады. Сондай-ақ могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға өткенімен, жүлдеге іліккен жоқ.