Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

Шығыс Қазақстанда бухгалтер мектеп қаражатын құмар ойынға жұмсаған

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мектеп бухгалтері мекеменің 11,9 миллион теңге қаражатын құмар ойынға жұмсап жіберген деп хабарлады turkystan.kz Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қаражатты 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін өзінің және туыстарының банк картасына аударып келген.

«Күдіктінің кінәсі экономикалық сараптаманың қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Сотталушы өзі де кінәсін мойындады», – деп мәлімдеді Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот айыпталушыны мойындағанын, өкінгенін және жас балаларының барын ескере отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button