Бокстан ӘЧ: Фариза Шолтай қарсыласын нокаутпен жеңді

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Фариза Шолтай ширек финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Тринидад және Тобаго өкілі Лиэнн Будрэммен шеберлік байқасты.
Фариза бірінші раундта-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді.
2021 жылғы Азия чемпионы Фариза Шолтай ширек финалда кениялық Элизабет Андиегомен жұдырықтасады. Бұл олардың алғашқы жекпе-жегі болмақ.
Осылайша, кешеден бері рингке шыққан үш қазақстандық боксшы да жеңіске жетті.
Әлем чемпионаты ертең жалғасады.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!