Қызға құда түсіп, кейін туыстарынан ақша бопсалаған азамат ұсталды

Қызға құда түсіп, кейін туыстарынан ақша бопсалаған азамат ұсталды

Қызға құда түсіп, кейін туыстарынан ақша бопсалаған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Өзбекстанда 21 жастағы қызға құда түсіп, кейін оның туыстарынан ақша бопсалаған алаяқ Астанада ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мәлім етілгендей, елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп 15-16 наурыз аралығында «Іздестіру» кең ауқымды операциясын өткізді. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылды. Мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдіктің бірі – өзбекстандық әйел. «Мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық бикеш анықталды. Ол құда түсіп, 21 жастағы қызды үйінен алып кеткен. Кейін бопсалау арқылы оның туыстарынан ақша талап еткен», - деді полициядан. Ал Өзбекстанның 42 жастағы азаматы алаяқтық жасап, елордада бойтасалап жүрген. Ол Самарқан қаласында ер адамды жұмысқа орналастыруға уәде етіп, 1,4 млн сом ақшасын иемденіп кеткен. Қазіргі уақытта аталған екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.