Respublica-ның сайлау алдындағы туры Ұлытау облысында аяқталды

Respublica-ның сайлау алдындағы туры Ұлытау облысында аяқталды

Respublica-ның сайлау алдындағы туры Ұлытау облысында аяқталды
ашық дереккөзі
Respublica партиясының сайлауалды туры Ұлытау өңірінде аяқталды. Үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде партия жетекшілері мен кандидаттары еліміздің барлық өңірін аралап, 40 мың шақырымдай жол жүріп, 60 мыңнан астам тұрғынмен кездесу өткізді. Сондай-ақ бүгінге дейін партия қатарына өтуге 507 287 өтініш түскені белгілі болды. Эмоциялар мен оқиғаларға толы үгіт-насихат кезеңінің соңғы күнін партия өкілдері Жезқазған қаласында өткізді.
«Біз – Ұлытаудамыз! Исі қазаққа қасиетті мекенде сайлауалды турымызды аяқтап жатқанымыздың символикалық мәні бар. Дәл осы жерде ғасырлар бұрын ақ киізге көтеріп хандарымызды сайладық, үш жүздің батырлары мен билері осындағы төбеде бас қосып, ұлтымыздың ертеңін кеңесті, ұрпағының амандығын ойласты», – деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.
Күніміз «Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс қорыту зауытының еңбек ұжымымен кездесуден басталды, жиын барысында партия өкілдері Respublica-ның негізгі идеялары мен ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар азаматтардың сауалдарына жан-жақты жауап берді. Партияластарымыз өңірдегі вокзал ұжымымен де дидарласты. Осы күннің ең маңызды оқиғасы – тең төрағалардың партия туын тігу үшін тауға шығуы болды. Жезқазғандағы шара соңында Мәжіліс депутаттығына кандидаттар қала халқымен қорытынды кездесу өткізді, оған 500-ге жуық азамат қатысты. Партия жетекшісі Айдарбек Қожаназаров атқарылған жұмыстарды қорытындылап, мынаны атап өтті:
«Елдің Парламентінде де, мәслихаттарында да біз айтып өткен және қазір айтып отырған мәселелердің барлығын табанды әрі дәйекті түрде жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Ісіміз айнымайды, сөзімізден алшақ кетпейді! Бізді қолдап, сенім білдірген әрбір жанға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Respublica партиясының қатарына қосылуға бүгінге дейін 507 287 адам өтініш білдірген! Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді».
Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау өз кезегінде Respublica-лықтарға жеңістің не үшін керек екенін атап өтті.
«Бұл саяси додада жеңіс бізге не үшін маңызды? Қазақстандықтар елде халықты қолдайтын мықты да салауатты балама бар екенін біліп, түсінуі тиіс. Жаңа Қазақстанның азаматтары саяси шешімдер қабылдауға ықпал ете алуы керек. Біз осы негізгі қағиданы іс жүзінде жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді С.Тау.
Айта кетейік, бүгін сағат 00:00-де «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес елімізде тыныштық күні басталады. Науқан ресми түрде аяқталады.