Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

Бокстан ӘЧ: Римма Волосенко өзбекстандық спортшыны жеңді

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Римма Волосенко бастапқы кездесуін сәтті өткізді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Римма Волосенко 60 келіге дейінгі салмақта өзі сияқты Азия чемпионы, өзбекстандық Ситора Тұрдыбековамен жұдырықтасты.

2022 жылы Ыстанбұл қаласында өткен дүниежүзілік додада Р.Волосенко алғашқы айналымда-ақ ағылшын қызы Шона Уитуэлден жеңіліп қалған еді.

Бұл жолы бірінші раундта бес төрешінің үшеуі өзбекстандық боксшы басым деп тапты. Екіншісінде Римма таразы басын өзіне аударды. Бірақ ол үшінші раундта ескерту алып қалды. Дегенмен қазылар жеңісті Римма Волосенкоға берді.

Р.Волосенконың келесі қарсыласы – армениялық Элида Кочарян.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақта Тринидад және Тобаго елінің өкілі Лиэнн Будрэммен рингке шығады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button